​Шымкентте биыл 5 елді мекенді табиғи газбен қамту жоспарланған

​Шымкентте биыл 5 елді мекенді табиғи газбен қамту жоспарланған

Биыл Шымкент қаласының 5 елді мекені немесе 11 мыңнан астам тұрғыны көгілдір отынмен қамтытылады, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Үшінші мегаполисте 81 елді мекен бар. Оның 40-ы табиғи газға толық қосылған, ал 33-і жартылай. Тек 8 елді мекенде ғана көгілдір отын тапшы. Олар: Тұран, Көкбұлақ, Ақтас, Батыс, Қайнарбұлақ, Тәуелсіздік 20 жыл, Айкөл, Сәуле (276 орам).

Өткен жылы құрылысы басталған 9 нысанның 2-і аяқталды (Тұран (1-ші кезең) және Асар-2 шағын ауданына магистралдық газ құбыры тартылды).

Шымкенттің 2021-2025 жылдарына арналған даму жоспарында аталған мәселе шешімін тауып, қаланы 100 пайыз газбен қамтамасыз ету меже етіп қойылған.