Шымкентте CONCERT EMES мерекелік іс-шарасы басталды

Шымкентте CONCERT EMES мерекелік іс-шарасы басталды

8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Шымкентте аруларға арналған мерекелік іс-шара басталды.

Көрме орталығының ұйымдастыруымен "Арбат"демалыс аймағында өтіп жатқан "Concert emes" атты мерекелік шараға шымкенттіктер көптеп жиналды.

Нәзік жандылардың құрметіне арналған іс-шара бірнеше бағытта, атап айтқанда Make up, HAIR STYLE нүктелері, фотоаймақтар қала тұрғындарына күні бойы тегін қызмет көрсетеді.

Сондай -ақ, отандық дизайнерлердің туындыларынан FASHION SHOW сән дефилесі көрсетіледі.

— Іс-шараны өткізудегі мақсатымыз —қаланың қыз-келіншектеріне, аналарымызға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Қыздарымыз әрдайым жайнап жүре берсін. Осы мақсатта түрлі сән нүктелері қаланың нәзік жандарын күтеді, - дейді Көрме орталығының директоры Зухра Әмзеқызы.

Мерекелік кеш кешке дейін жалғасады.