Шымкент қаласында жаз маусымында дала өртінің алдын алуға әр аудан әкімдігі Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе жүйелі жұмыс істеуде, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Әл-Фараби ауданы қала орталығында орналасқандықтан дала өртінің алдын алуға минералды жолақ жүргізіуді қажет ететін үш-ақ аумақ бар. Оларға Текесу (28 км.) мен Ақтас (22 км.) тұрғын алабы және Ташкент тас жолы (10 км.) бойындағы егістік алқабы кіреді. Дала өртінің алдын алуда аудан әкімдігі ТЖ мамандармен бірлесе егістік алқап иелеріне минералды жолақ жыртуға үгіттелді.
Ал, Абай ауданында дала өртінің алдын алу үшін Ақжар тұрғын алабындағы егістік алқап бойындағы 5 шақырым жерге минералды жолақ жыртылған. Жалпы ауданда әкімдік пен ТЖ мамандары бекітілген кескеге сәйкес жұмыс жүргізіп келеді.
Жазда егістік алқапта өрт болдырмау үшін Еңбекші ауданыда Қаратөбе, Жұлдыз тұрғын алабында 31,2 шақырымға минералды жолақ жырту жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімдігі мен ТЖ мамандары өрт қауіпсіздігіжөнінде егіс алқабы мен ауылшаруашылығы кооперативтерінің басшыларына түсіндірілді.
Ал, Қаратау ауданында өрттін алдын және дер кезінде сөндіру жөнінде арнайы штаб бекітілген. Оның құрамында орман және дала өрттерін сөндіруге 50 адам, 20 өрт сөндіргіш (хлопушка),8 техника бар. Аудан аумағындағы егістік алқаптарында минералды жолақ жырту жұмысы кестеге сай атқарылып отыр. Сонымен бірге су айдындарында тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау үшін үгіт-насихат жүргізіліп, шомылуға тиым салынған орындарға арнайы тақтайшалар орнатылды.
Айта кетсек,Қаратау ауданында «Сайрам су» өзені, «Қайнарбұлақ көлі» және Бадам магистрал каналы шомылуға тиым салынған орындар тізіміне кіреді.