Шымкентте дауылды желдің салдары жойылды

Шымкентте дауылды желдің салдары жойылды

Шаһарда оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 26 метр болған. Желдің салдарынан қалада 3 кәсіпкерлік нысаны мен 5 көпқабатты тұрғын үйдің, 2 білім беру мекемесінің шатыры ұшып, автокөліктер мен ғимараттардың үстіне құлаған, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Жалпы ғимараттардың 3 223 шаршы метр шатыры ұшып, 6 автокөлік зақымдалған. Салдарынан 2009 жылы туылған бала зардап шекті.

Қазір бүлдіршін «Нұрсәт» шағын ауданындағы облыстық балалар ауруханасында ем қабылдауда. Дәрігерлерлдің сөзінше 12 жастағы балалның денсаулық жағдайы орташа.

Сонымен бірге Нұрсат шағынауданында, Қызыл су, Исфиджаб, Өтеміс, Сайрам және Шапырашты тұрғын алаптарында электрқуаты сөнген. Авариялық-қалпына - келтіру жұмыстарын Қайнарбұлақ, Сайрам аудандық электрстансалардың мамандары жұмыс атқарып, сағат 22:18-де аталған мекенжайларға электрқуаты қайта қосылды.

Барлық оқиға орындарында Шымкент қ.ТЖ департаментінің жеке құрамында 24 адам, 7 техника, «КазТрансГаз» АҚ Шымкент филиалының 3 қызметкері, 1 техникасы, «Оңтүстік Жарық транзит» ЖШС-ның 3 қызметкері, 1 техникасы, «Су ресурстар маркетинг» ЖШС-ның 70 қызметкері,10 техникасы жұмыс атқарған.

Орын алған төтенше жағдай бойынша Шымкент қаласы ТЖ департаментінде жедел штаб құрылып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Департаменттің жеке құрамы дайындыққа келтіріліп күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды.

Айта кетсек,һ, Шымкент қаласы ТЖ департаменті 2021 жылғы 1 маусымда оңтүстік-батыстан, батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр жел туралы дауылды алдын алу ескертуді 2021 жылғы 31 мамырда таратқан. Хабарлама ұялы телефондарға СМС арқылы, «Дармен» мобильді қосымшасы және телеарналар арқылы халыққа, жергілікті атқарушы органдары мен мекемелердің басшыларына жеткізілген болатын.