Шымкентте «Dombyra party» өтті

Шымкентте «Dombyra party» өтті

Арбат демалыс аймағында Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалы бірлесе ұйымдастыруымен «Dombyra party» өтті.

Мақсаты – ұлттық музыканы, ұмытыла бастаған игі дәстүрлерді қазіргі сәнге айналдыру және қазақтың төл аспабын насихаттап, ұлттық өнерді паш ету.

Іс-шараға Шымкент қаласы «Miras» кеңесінің мүшелері, Шымкент қаласы «Жастарды қолдау» кеңесінің мүшелері, Жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, Саз колледжінің оқытушылары, мектеп оқушылары, «Жастар рухы» Жастар қанатының мүшелері, Падишах және Балдаурен би топтары қатысты.

Ұлы мұрамызды ұлықтайтын іс-шараға 50-ден аса жас күйші қатысып, домбырада түрлі күйлер мен әуезді әндерді орындады.

Іс-шара соңында домбырашыларға алғыс хаттар мен домбыра мүсіндері естелікке табысталды.