Шымкент қаласында Наурыз мерекесінің он күндігіне орай "Дәстүрлі әндер шеруі" атты іс-шара өтті, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Концертке елімізге танымал өнер иелері – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Айгүл Елшібаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ардақ Балажанова, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Клара Төленбаева, Медет Салықов және шымкенттік дәстүрлі әншілер қатысты.
Бұлбұлдар қазақ халық әндерін, Естай, Шашубай, Кенен Әзірбаевтың және өзге де халық композиторларының ән-жырларын, термелерін орындады.