Шымкентте екінші деңгейлі банк басшыларымен кездесу өтті

Шымкентте екінші деңгейлі банк басшыларымен кездесу өтті

Бүгін Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Бизнестің жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларының іске асырылуы бойынша екінші деңгейлі банктермен кездесу өтті, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Кездесуде мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде осы жылдың жоспарлары мен екінші деңгейлі банктердегі жобаларды анықтап, арнайы пул әзірлеу талқыланды. Сондай-ақ, алдағы уақытта екінші деңгейлі банктердегі жобаларды сүйемелдеу бойынша Фронт офисте штаб құру мәселесі қаралды.

Айта кетсек, қазіргі таңда «Бизнестің жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары бойынша банктерде жалпы сомасы 74,7 млрд.теңгені құрайтын 292 жоба қаралуда. Соның ішінде «Бизнестің жол картасы-2025» бойынша 49 млрд.теңгеге 277 жоба, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 25,7 миллиард теңгені құрайтын 15 жоба қарастырылып жатыр.