Шымкент қаласында «Егіс даласынан дүкен сөресіне дейін» пилоттық жобасы аясында екінші әлеуметтік дүкен ашылды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Әлеуметтік дүкенде халық күнделікті бірінші кезекте тұтынатын азық-түлік өнімдерін төмен бағада сатылады.
18 шағын ауданында орналасқан «QAZ ЕТ» деп аталатын әлеуметтік дүкен қаладағы азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары шеңберінде ашылып отыр.
Қала әкімдігі «Әлеуметтік дүкендер» санын арттыру мақсатында қаладағы мал бордақылайтын «Қасқасу-С» шаруа қожалығына 200 млн. теңге қарыз беріп, арнайы келісімшарт түзген болатын.
Осы келісімге сәйкес шаруа қожалықтың алғашқы әлеуметтік дүкені ашылды. Мұнда қазір 10 адам жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ, жыл соңына дейін тағы 3 әлеуметтік дүкен мен 4 жылжымалы ет өнімдерін сататын сауда тіркемелерін іске қосуды жоспарланған.
Айта кетсек, қаладағы алғашқы «Әлеуметтік дүкен» 11 шағын ауданы, Елшібек батыр көшесі, №116 мекен-жайында ашылған болатын.