Шымкенттің №2 қалалық ауруханасына инсульт пен инфарктқа тіліксіз күрделі ота жасауға мүмкіндік беретін ангиографиялық қондырғы орнатылды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Заманауи құрал-жабдық Шымкент тұрғындарына медициналық сапалы қызмет көрсетуге толық мүмкіндік береді. Бұл аппарат өз кезегінде көптеген науқастардың өмірін сақтап қалуға ықпал етпек.
Аталған қалалық аурухананың бас дәрігері Сәрсен Пернебековтың айтуынша, бұл құрылғы арқылы бас, жүрек қан тамырлары мен гинекология, онкология ауруларына да күрделі ота мен эмболизация жасауға мүмкіндік бар.
Айта кетейік, аурухана тұрғылықты мекежай бойынша 50 мыңнан астам шымкенттікке қызмет көрсетеді. Бүгінгі таңда ауруханада 258 дәрігер мен орта және кіші буынды 769 медицина қызметкері жұмыс істейді.