Жаңадан құрылған инвестициялық жобаларды жедел түрде қарап, инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Штабтың міндеті – инвестор үшін ерекше жағдайларды қамтамасыз ету бойынша нақты шешім қабылдау.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов төрағалық ететін штаб құрамына басқармалар, аумақтық департаменттер мен монополистер кіреді.
Әр жұма сайын штаб отырысы онлайн ұйымдастырылып, инвесторларға әкімшілік кедергеілерді жою мен қолайлы жағдай орнату жұмысы талқыланады.
Қазіргі таңда қала экономикасына денсаулық, тұрғын үй, қайта өңдеу өндірісі мен агроөнеркәсіптік кешені секілді базалық секторларға инвестиция тартуға назар аударылып отыр.
Айта кетсек, өткен жылы қалаға тартылған инвестиция көлемі 278,5 млрд. теңгеге жетіп, 41 пайызға өскен. Алдағы бес жылда қалаға барлық бағыттарға 3,7 трлн. теңге инвестиция тарту жоспарланған.