Шымкентте «Iqala» жобасы енгізілуде

Шымкентте «Iqala» жобасы енгізілуде

Шымкент қаласында қалалық қызметтер мен сервистердің орталықтандырылған қызметтер орталығы «Iqala» жобасы енгізілуде, - деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл жоба Нұр-Сұлтан қаласының тәжірибесі негізінде қолға алынды.

Қалалық цифрландыру басқармасы басшысының айтуынша, қазіргі таңда бұл бағытта өнім беруші компания анықталып, қолданыстағы ақпараттық жүйелермен интеграциялау жұмыстары басталды. Мекемелермен («Спецавтотранспорт», «Энергепоток», «Оңтустік Жарық», «Су ресурстар Маркетинг» ЖШС, АО «СПК-Шымкент») келіссөздер жүргізілуде.

Аталған жоба «бір терезе» қағидаты бойынша коммуналдық шаруашылық секторының және мемлекеттік қызметтерін біріктіреді. Жоба аясында коммуналдық қызметтерді алу рәсімдерін жеңілдету, барлық қызметтерді онлайн цифрлық түрде көрсету, құжаттарды қысқа мерзімде ұсыну, өтініш күйін бақылау және құжаттардың сақталуы бойынша оң нәтижелер күтілуде.