Шымкентте карантин 22 ақпанға дейін ұзартылды

Шымкентте карантин 22 ақпанға дейін ұзартылды

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігері карантинді ұзарту туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

«Шымкент аумағындағы карантин мен шектеу шаралары 2021 жылғы 8 ақпан сағат 00:00 - ден 2021 жылғы 22 ақпан сағат 00:00 - ге дейін ұзартылсын» - делінген қаулыда.

Жаңа қаулыға сәйкес:

- адамдардың жаппай жиналуына байланысты іс-шаралар өткізуге тыйым салынады (еске алу, туған күндер, мерейтойлар, ұзату, құдалық, той, беташар және басқалар).

- Жұмыс уақытын барынша қысқарту мүмкіндігімен кемінде 50% кеңсе қызметкерлерін (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болғанда) қашықтан жұмысқа ауыстыру міндеттелді.

- Базарлардың жұмыс уақыты сағат 06.00-ден кешкі 19:00-ге дейін шектеледі;

- Қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты 23:00-ге дейін бекітілді;

- Спорттық нысандар (жаттығу залдары, фитнес-клубтар, Мұз сарайы) 9.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді.

- Қоғамдық көліктердің жұмысы демалыс және мереке күндері 7.00-ден 21.00-ге дейін қысқарды.

Құжаттың толық нұсқасы

Жаңа қаулы 8 ақпан сағат 00:00-ден бастап өз күшіне енеді.

Фото: ашық дереккөз