Шымкентте карантиндік шектеулер 8-ақпанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды shymkentaqparat.kz.
Бұл туралы Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Тулебаевтың жаңа қаулысында айтылды.
Жаңа қаулыға сәйкес:
- мектепке дейінгі ұйымдарының және сауықтыру лагерлерінің жұмысы тоқтатылды;
- қоғамдық көлік қозғалысы 07:00-ден 21:00-ге дейін шектелді;
- санитариялық-карантиндік және шектеу шаралары күшейтілді.
Жаңа қаулы 25-қантардан бастап өз күшіне енеді.
Айта кетейік, қалалық бас санитар дәрігердің бұған дейінгі қаулысы қаңтар айының 6 күні жарияланған болатын.
Онда: «Шымкент қаласының аумағында 2021 жылғы 11 қаңтар сағат 00:00-ден бастап 2021 жылғы 25 қаңтар сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын» - делінген.