​Шымкентте карантин 8 наурызға дейін ұзартылды

​Шымкентте карантин 8 наурызға дейін ұзартылды

Шымкентте карантин шаралары 22 ақпаннан 8 наурызға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл туралы Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Тулебаевтың жаңа қаулысында айтылды.

«Шымкент аумағындағы карантин мен шектеу шаралары 2021 жылғы 22 ақпан сағат 00.00 — ден 2021 жылғы 8 наурыз сағат 00.00-ге дейін ұзартылсын» - делінген құжатта.

- Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына адамдар көп жиналатын іс-шараларды, оның ішінде еске алу, туған күн, мерейтой, шығарып салу, құдалық, той және басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

- Қала бойынша 65 жастан асқан адамдардың жүріп-тұруы шектеледі.

- Шымкент қаласының тұрғындарына екі метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтау және бетперде тағу міндеттелді.

Қаулының толық нұсқасы.