Шымкент қаласының бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев карантин шектеулері туралы жаңа қаулы жариялады, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Жаңа қаулыға сәйкес:
- Ас беру, естелік іс-шараларын өткізуге (корпоративтер, банкет, той, туылған күн, мерейтой, шығарып салу, кұдалык, беташар және тағы басқа) тыйым салынды.
- АЖБ бекеттері, автобөлшект дүкендері, байланыссыз кызметтер (көлік жуу, көлік, тұрмыстық техника, сағат, телефон, компьютер, аяк киім жөндеу, тігін ательесі, кір жуу, химиялық тазалау, кілт жасау бойынша көрсетілетін кызметтер және тағы басқа) қалыпты режимде жұмыс істей береді.
- Балалар ойын-сауық орталықтарының (ойын аландары, жабық аттракциондар) жұмысы сағат 09:00 - 23:00 дейін арақашықтық пен күшейтілген санитариялык режимді сактай отырып ұйымдастырылды.
2021 жылдың 1 наурызынан бастап жалпы білім беретін мектептерде 1 ден 5-сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 1-ден 7 сыныпқа дейін сыныпта 25 оқушыдан аспаған жағдайда оқуға рұқсат беріледі.
Айта кетейік, Шымкент эпидемиологиялық жағдай бойынша «жасыл» аймақта тұр.