Шымкентте қараусыз қалған жануарларды уақытша ұстауға арналған ғимарат тұрғызылуда

Шымкентте қараусыз қалған жануарларды уақытша ұстауға арналған ғимарат тұрғызылуда

Шымкент қаласында қараусыз қалған жануарларды уақытша ұстауға арналған ғимарат құрылысы жүріп жатыр.

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Ақтас шағын ауданында салынып жатқан нысанның құрылыс жұмыстарымен танысты.

Жануарларды уақытша ұстауға арналған ғимараттың құрылысы биылғы жылдың сәуір айында басталған болатын. Қазіргі уақытта құрылыстың бастапқы сатысы бітуге таяу, яғни 20 пайызға орындалған.

Жоба бойынша бұл 1 гектар аумақта әкімшілік шаруашылық кешені, оқшаулағыш орын, карантин ғимараты, қойма, қараусыз иттер мен мысықтарды өз алдына бөлек уақытша ұстау павильоны орналасады. Нысан құрылысы 2024 жылы аяқталып, пайдалануға тапсыру жоспарлануда.