Д. Қонаев даңғылы бойындағы жолайрық құрылысының II – кезеңінде Әйтеке би, Амангелді көшелерінен Володарский көшесіне дейінгі аралық 20 сәуір – 4 мамыр аралығында жабу жоспарлануда, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Cол аралықта бір жақтама жол қозғалысы шектетіліп, асфальтобетон қабатын алу, жиектастарды бұзу, қазу жұмыстарыжүргізіледі. Ал негізгі жұмыстар 4 мамыр-20 тамыз аралығында басталады. Әйтеке би көшесі Бостандық, Амангелді көшелерінен Володарский көшесіне дейін көліктердің жол қозғалысы толығымен жабылады. Нысанды айналып өту мақсатында көліктердің қозғалысы Қабанбай батыр, Ерманов, Володарский, Бостандық және Өзбек көшелерімен ұйымдастырылатын болады.
Тәуелсіздік көшесінің жер асты өткелінің құрылысы аяқталғаннан кейін, көліктердің қозғалысы Тәуелсіздік көшесімен ұйымдастырылып, 20 тамызынан бастап 20 қарашасына дейінқазу жұмыстарын жалғастыру үшін Әйтеке би көшесі Амангелді көшесінен Гүлбах көшесіне дейін көліктердің қозғалысы үшін жабылады.
Амангелді, Бостандық, Милицейская, Өзбек, Красноярская, Шымкенткөшелерінің тұрғындарыүшін осы орамның батыс бөлігінен қолданыстағы Қалдаяқов, 8 март көшелері арқылы қозғалуға және шығыс бөліктен Түркістан, Тоқаев, Әйтеке би көшелері арқылы кіріп-шығуға мүмкіндік қарастырылған.