​Шымкентте көктемгі әскерге шақыру басталды

​Шымкентте көктемгі әскерге шақыру басталды

Шымкентте көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Ағымдағы жылдың көктемінде ел бойынша 13 500-ден аса жігіт көктемгі әскери құралымдар қатарын толықтырса, Шымкенттен 700-ге жуық ер-азаматтарды шақыру жоспарланған. Бірінші наурыздан бастап 18 жасқа толған азаматтар тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарында медициналық комиссиядан, тестілеулерден және әңгімелесуден өтуде. 6-шы наурызда алғашқы 13 ер-азамат конституциялық міндетін орындау үшін аттанады. Қазір олар шақыру комиссиясының отырысынан өтуде.

Биыл әскери шақыруды кейінге қалдыру құқығы берілетін шақырылушылар санаты кеңейтілді. Енді ел алдында өтелетін әскери борышты кейінге қалдыру құқығы педагогтерге, құқық қорғау органдарының білім беру мекемелерінде оқудан өтіп жатқан азаматтарға берілетін болады.

Айта кетейік, биыл әскерге шақырудың жаңа тәсілі қолданылады. Пандемия жағдайына байланысты 1414 қызметі пилоттық режимде SMS-хабарлама жібереді.

Әскер құрамына шақырту алғандар екі рет ПТР-тест тапсырады. Бұдан бөлек, жаңадан шақырылғандар коронавирус инфекциясына қарсы екпе салдырады.