Шымкент қаласында қоғамдық көлік жүргізушілерінің мәдениеті мен біліктілігін арттыратын жоба қолға алынды. Енді қоғамдық көлік жүргізушілері 5 күндік оқу курсына қатысып, арнайы мамандардардан «жолаушыларды тасымалдау ережесі» және мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету бойынша дәріс алады, – деп хабарлайды shymkentaqparat.kz
Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтенов «Instagram» желісінде тікелей эфир арқылы тұрғындармен кездесу барысында мәлімеді.
Жаңа жобаға қатысқан жүргізуші жолаушыларға сыпайылық танытып, қарапайым әдеп нормаларын сақтауды және салон ішінде келеңсіз жағдай орын алған сәтте дереу әрекет етуді меңгереді. Жүргізушіге курстан өткендігі туралы арнайы сертификат беріледі. Сертификаты жоқ жүргізуші көлік құралын басқара алмайды.
Сертификат табысталғаннан кейін жүргізуші еңбек тәртібіне қайшы іс-әрекеттер жасаса, сондай-ақ оның үстінен жолаушылар тарапынан арыз-шағым келіп түссе, қайта аттестациалаудан өту міндеттеледі немесе жұмыстанан шеттетіледі.
Фото: ашық дереккөз