Жаз айларында ауладағы қоқыс мәселесі ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Осы орайда, Шымкенттің Әл-Фараби ауданында қоқыс алаңшаларын жуу апталығы қолға алынған, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Қаладағы Республика даңғылы, Жангелдин, 8-ші наурыз көшелерінде және Қарасу шағынауданында қоқыс алаңшаларын сұйық сабынмен жуылып, залалсыздандырылды.
«Санитарлық тазалау жұмысы барысында қоқыс алаңшалары мен контейнерлер алдымен сұйық сабынмен жуылып, артынан таза сумен шайылды. Сондай-ақ, аптап ыстықта зиянды жәндіктерге қарсы хлор себілді»,-делінген хабарламада.
Мұндай залалсыздандыру тәсілі алдағы уақытта да жалғасады, дейді әкімдік өкілдері.