Шымкентте 8 наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Алтын», «Күміс» алқа иегерлеріне бір реттік төлем төленді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Қаржылай көмекке биыл жергілікті бюджеттен 149 млн. теңге бөлінген.
Қаладағы 10 мыңнан астам алты және одан көп баласы бар аналарға 14 585 теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек төленеді. Бұл жөнінде жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлімдеді.
Бір реттік төлемді алу үшін ешқандай құжат өткізудің қажеті жоқ. Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мерекелік төлемді төлеудезейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың деректер базасындағы мәліметке сүйенеді.
Шымкент қаласында жылдан-жылға «Алтын» және «Күміс» алқа иелері саны артып келеді. Мұндай қаржылай төлем былтыр 9 500 көпбалалы ананың дербес шотына түскен еді.