Шымкентте қазір ұзындығы 21,9 шақырым болған 9 күрежолда орташа жөндеу жұмысы жүргізілуде, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Осындай магистральды жолдың бірі – Республика даңғылы. Қазір мұнда Республика жаяу жүргінші жолы, веложол, арық және құбырын өткізу жұмыстары атқарылуда. Құрылысқа жауапты мердігер – «Корпорация Береке-А» ЖШС.
Сонымен қатар қалада бірқатар көшеге орташа жөндеу жүргізіліп жатыр. Олар: Рысқұлов, Момышұлы, Тәшенов көшелері.
Қаладағы Жолаушылар көлігі және автомабиль жолдары басқармасының мәліметінше, биыл магистральды жол саналатын Иляев, Шаяхметов, Ақназар хан, Клара Цеткин көшелеріне де орташа жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.
Ал Бәйтереков көшесінде «Профиленд» ЖШС тарапынан аяқжол мен веложол салу жұмыстары атқарылуда.