Шымкентте «Донор күні» қарсаңындаТөтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен «Өзгеге үміт сыйлаңыз» акциясы өтті, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Акция ел Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «30 игі іс-шара» аясында ұйымдастырылды. Изгілік шарасына ТЖ департментінің өрт сөндіру қызметі, «Қазселденқорғау» қалалық филиалының қызметкерлері, «Жас отан» жастар қанаты мен «Жастар ресурстық орталығының» волонтерлары қан орталығына барып, донор болды.
Қан тапсырудан алдын қатысушылар толық медициналық тексеруден өтіп, дәрігерлерден кеңес алды. Сонымен бірге 30 құтқарушы мен мен 30 волонтер әр қайсысы 450 граммнан қан тапсырып, адам өмірін құтқаруға белсенділік танытты.