Шымкентте қуыршақ театры жаңа қойылымын жарыққа шығарады

Шымкентте қуыршақ театры жаңа қойылымын жарыққа шығарады

Қалада «1 маусым –Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесі қарсаңында қуыршақ және жасөспірімдер театры балаларға базарлық әзірлеп отыр, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Театр ұжымы кішкентай көрермендер назарына Д.Саламаттың «Асыл шөп» қойылымының премьерасын тарту етеді.

Қойылым кішкентай бүлдіршіндердің бойына адамгершілік қасиеттерді дәріптей отырып, жас буынның қалыптасуына ықпал етеді.

Мерекелік кеште «Балаларды арнайы емдеу орталығының» бүлдіршіндері театрдың құрметті қонағы болмақ. Бұл күні сағат 15.00-де 30, 17.00-де 32 бала керемет қойылымды тамашалайды.