Шымкентте «Ұлттық қолөнер – ұлы мұра» атты кездесу кеші өтті

Шымкентте «Ұлттық қолөнер – ұлы мұра» атты кездесу кеші өтті

Шымкент қалалық Жасөспірімдер кітапханасында ұлттық қолөнер шебері, Дизайнерлер және суретшілер Одағының мүшесі, ақын Рақымбек Сейітұлымен «Ұлттық қолөнер – Ұлы мұра» атты сыр-сұхбат кездесуі өтті, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Мәдени шара аясында ақынның «Өлең мен өнер - өмірлік серігім» атты алғашқы кітабының тұсауы кесілді.

Әдеби кешке арнайы қонақ ретінде қолөнер шебері Балқия Башабаева, көркемдеуші Нұрали Башабаев және кәсіби тігінші Ұлбосын Телемисова қатысты.

Кеш қонақтарына «Жеңіл өнеркәсіп және сервис» колледжінің студенттері көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, жауабын алды. Іс-шара соңында ұлттық әндер орындалып, кітапхана директоры Закира Сембекқызы қонақтарға алғысын айтып, әсерлі кешті қорытындылады.