Шымкентте ұлттық жоба шеңберінде 22 мыңнан астам адам жұмыспен қамту шараларына қатысты

Шымкентте ұлттық жоба шеңберінде 22 мыңнан астам адам жұмыспен қамту шараларына қатысты

Шымкентте «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы шеңберінде биыл 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Қалалық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының тарапынан бүгінгі таңға нақты 22 489 адам қамтылып, жоспар 67,1% орындалды.

Атап айтқанда, халықтың әл-ауқатын дамытуға бағытталған жоба аясында азаматтарды кәсіби білім беру бойынша оқуға жолдау, кәсіпкерлікті қолдау бағытында «Бастау Бизнес» жобасы мен өтеусіз негізде мемлекеттік грант беру және субсидияланатын жұмыс орындарымен қамту қарқынды жүргізілуде.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін 19 мыңнан астам адамды бос жұмыс орындарына орналастыру жоспарланып, бүгінде 5293 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған. Ұлттық жобалар және азаматтардың жеке бастамалары негізінде қалада биыл 23 420 жұмыс орнын құру көзделген. Оның бүгінге дейін 12 500-ге жуығы ашылған, оның 12 203-і – тұрақты жұмыс орындары. Ұлттық жобалар аясында халықты жұмыспен қамту шаралары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.