Шымкентте Мемлекеттік рәміздер күнінде көк Туды әуелеткен автошеру және велошеру өтті

Шымкентте Мемлекеттік рәміздер күнінде көк Туды әуелеткен автошеру және велошеру өтті

Шымкентте Рәміздер күнінің құрметіне бірнеше іс-шаралар өтіп жатыр. Солардың бірі 23 мың жанкүйердің Әнұранды бірге қосыла шырқағанымен ерекшеленсе, бірінде автошеру және велошерумен жалғасып жатты.

Ал Тәуелсіздік саябағындағы Рәміздер алаңында Әнұран шырқалып, көк Туды әуелетіп, егемендіктің басты белгілеріне құрмет көрсетілді. Іс-шараға әскерилер, күштік құрылым басшылығы, депутаттар, ардагерлер, мәдениет пен спорт және зиялы қауым өкілдері, жастар мен қала тұрғындары қатысты.

Меркелік іс-шарада патриоттық әндер орындалып, әскери оркестрдің музыканттары өнер көрсетті. Әсіресе, ардагерлер бірге қосылып шырқаған патриоттық әндер көпшілікті сүйсінтті. Мерекеге қатысқан әр шымкенттіктің қолындағы көк жалаулары рухты көтерді.

Патриоттық іс-шара аясында Мемлекеттік Туды желбіреткен 50 автокөлік пен 80 велосипедші шеруі Ордабасы алаңынан Бәйдібек би ескерткішіне дейін қала көшелерімен жүріп, мерекелік күннің абыройын асқақтатты.