Шымкент мұнай өңдеу зауытында (ШНОС) жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
ҚР Энергетика министрлігінің мәліметіне сәйкес, зауыттың барлық құрылғысы қалыпты режимде жұмыс жасап жатыр. 13 маусымнан бастап бензин өндірісі қайта жанданды, соңғы 5 күнде орташа тәуліктік өндіріс көлемі - 6,5 мың тонна. 16 маусымнан бастап дизель отынын өндіру де қайта қалпына келтірілген, соңғы 4 күнде орташа тәуліктік өндіріс көлемі 5,6 мың тоннаны құрайды. Соңғы уақыттарда жанар-жағармайды тасымалдау қызметінде де мәселе туындаған.
Қазір толық көлемде жеткізу қызметі іске кірісіп, алдымен оңтүстік аймаққа жөнелтуге басымдық беріліп отыр.