Шымкентте орман қоры ұлғаяды

Шымкентте орман қоры ұлғаяды

Шымкенттің жасыл желегін кеңейту мақсатында қала аумағында 4 гектар жерге 2000 түп ағаш көшеттері отырғызылды, - деп хабарлайды Shymkentaqparat

Қаладағы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының сөзінше Түркістан облысының әкімдігі тарапынан 752 га жерді «Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен шығарып, Шымкент қаласының теңгеріміне өткізу қаулысы әзірленіп отыр.

Бұл жер шаһар теңгеріміне енсе қала төңірегінде орман қоры молайып, жасыл аймақтің көлемі артады. Орман шаруашылығын дамыту үшін «Жасыл белбеу» мекемесі ағаш көшеттерін көбейтуді қазірден бастап қалға алған.

Аталған мекеме жыл басынан 4 гектарға 2000 дана ағаш көшетін отырғызған. Алдағы уақытта жасыл аймаққы егілетін көшеттеді әзірлеу үшін 8,2 гектар тұқымбаққа 10 000 терек, 3000 жиде, 1000 ақ тал , 2500 легустра және 500 дана шынар қаламшасы отырғызылды.

Сонымен қатар, 976 гектар жерді ағаш көшеттерімен толықтыруды көздеген «Жасыл белбеу»10 гектар жерді көшет отырғызуға дайындап отыр. Қазір оның 2 гектарына әр түрлі жеміс көшеттері қондырылған.

Фото: ашық дереккөз