Шымкентте «Рамазан – қайырымдылық айы» акциясы басталды

Шымкентте «Рамазан – қайырымдылық айы» акциясы басталды

Шымкент қаласы әкімдігі мен қала мешіттерінің ұйымдастыруымен «Рамазан – қайырымдылық айы» акциясы басталды, деп хабарлайды Shymkentaparat

Акция барысында күніне 1000-ға жуық әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себеттері таратылады. Игі іс қасиетті айда 30 күн бойына жалғасады.

Азық-түлік себеттері қаладағы тұрмысы төмен отбасыларға тізім бойынша таратылады. Егер тізімге енбеген отбасылар келіп сұраса оларға да үлестіріледі. Қорапшаның ішіне ұн, май, макорон, күріш, чай, қант, құрма сынды қажетті өнімдер салынған. Қаладағы 6 мешітте (Ақмешіт, Ордабасы, Бөртөбе, Байғұт баба, Біләл, Сайрам) дәл осындай азық-түлік өнімдері тұрмысы төмен отбасыларға беріледі.

Бұрындары қасиетті айда ниет еткен жамағат көпшіліке ауызашар беріп, зор сауапқа кенелетін. Ал қазіргі таңда эпид ахуалға байланысты ниет етіп ораза ұстаған жандарға ауызашар себеттері таратылуда.

- Қасиетті рамазан айының қарсаңында адамзат баласы көптеп жақсылық жасауға асығады. Бұл айда жағдайы бар адамдар әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға барынша көмектесуі керек. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай 30 күн оразада қайырымды іс жасасақ сауабы молынан болады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с)өз сөзіндде осы рамазан айында әрбір істелген игі іске 10 еседен 700 есеге дейін сауап жазылатынын айтқан. Сондықтан, барлықтарыңызды қасиетрті айдың қарсаңында қайырымдылық жасауға шақырамын, - деді Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов.