Шымкентте реновация бағдарламасына биыл 6 тұрғын үй ұсынылуда

Шымкентте реновация бағдарламасына биыл 6 тұрғын үй ұсынылуда

Биыл іске қосылған реновация бағдарламасына қаладағы авариялық және тозығы жеткен 6 үй ұсынылып отыр. Қазіргі таңда жергілікті тұрғындарға жаңа бағдарламаның шарттарын түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ескірген ғимараттарды бұзу меншік иелерінің келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Тұрғындарға құрылыс кезеңінде уақытша баспана немесе пәтер жалдау үшін ақшалай өтемақы беріледі. Бағдарлама тозығы жеткен ғимараттарды жойып, мегаполистің сәулеттік ерекшелігіне сай зәулім үйлерді көбейту үшін қолға алынып отыр.

Бүгін тұрғын үй қорын реновациялау және қайта жаңғырту бағдарламалары талаптарын түсіндіру мақсатында баспасөз туры ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта реновация бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында арнайы штаб құрылды.

Сондай-ақ, жыл соңына дейін қалада 40 көп қабатты тұрғын үйге ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.