Бүгін Шымкент қаласында ерікті түрде «Спутник V» екпесінің екінші компонентін салу басталды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Ресейлік вакцинаның екінші компонентін салдырғандардың қатарында қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов пен Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Тулебаев та бар.
«1-19 ақпан аралығында «Спутник V» вакцинасының 1 000 дозасы салынды. Күні кеше аталған екпенің тағы 1 000 доза жеткізілді. Бүгін таңертең қалалық 4 емханаға вакцина таратылып, егу жұмыстары жүргізілуде. Бұған дейін вакцина алғандар екінші компонентін салдыруы қажет. Бүгін өзім де екінші дозасын алдым. Қазір өзімді жақсы сезініп тұрмын», - деді басқарма басшысы.
Б.Жолдасбекұлының айтуынша, қалаға жеткізілген «Спутник V» вакцинасының екінші дозасы медицина қызметкерлеріне ерікті түрде салынады. Содан кейін ғана келісім берген мұғалімдер мен құқық қорғау қызметкерлеріне және қала тұрғындарына екпе жүргізіледі.
Жалпы қалада 10 мыңнан аса медицина қызметкері бар. Жыл соңына дейін оның 80%-ын вакциналау жоспарланған.