Шымкентте сұранысқа ие ТОП-3 мамандық

Шымкентте сұранысқа ие ТОП-3 мамандық

Шымкенттегі білім беру ұйымдарында іске қосылған «HR – ргосеѕѕ» автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі 7 айда сұранысқа ие мамандық иелерін анықтап берді, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Мектептердегі ТОП-3:

1. Орыс тілі және әдебиеті

2. Ағылшын тілі

3. Математика

Балабақшалар бойынша ТОП-3:

1. Психолог

2. Музыка

3. Орыс тілі

Айта кетейік, бірегей «HR – ргосеѕѕ» жүйесіне 4 890 қолданушы тіркелген. Олардың 2 292-сі үміткер.

Аталған жүйе арқылы қаладағы 113 мектеп 697 бос жұмыс орнын жариялады. Жарияланған бос жұмыс орындарына 836 үміткер 2896 өтініш берген (бір үміткер әртүрлі мектептерге бірнеше өтініш бере алады).

Жіберілген өтініштер негізінде 755 үміткердің 392-сі конкурс қорытындысымен жеңімпаз деп танылды.

Шаһардағы 10 балабақшада 23 бос орын жариялады. Оларға 34 үміткерден 43 өтінішкеліп түскен. Комиссия шешімімен 11 үміткер жұмысқа орналасты.

Жалпы «HR – ргосеѕѕ» жүйесі арқылы 278 маман тұрақты жұмыспен қамтылды.