Шымкентте теннистен халықаралық турнир өтеді

Шымкентте теннистен халықаралық турнир өтеді

Шымкент қаласында фьючерс W15 сериясынан әйелдер арасында халықаралық теннис турнирі өтеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Қазақстан теннис федерациясы мәліметінше, жүлде қоры - 15 000 АҚШ доллары. Жарыс 1-7 ақпан аралығында хард төсенішінен жабық кортта өтеді.

Негізгі турнирде еліміздің намысын Гөзал Айнитдинова, Жібек Құламбаева және Екатерина Дмитриченко қорғайды. Ал іріктеу сайысында Жанел Рүстемова, Софья Чурсина, Мария Синицына, Аружан Сағындықова, Әсима Сазанова, Елена Ким, Айя Нупбай, Адель Исмағұлова өнер көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы эпидемиологиялық жағдайларға байланысты елімізде теннис турнирі өтпеді. Ал 2019 жылы кезекті турнир шырайлы Шымқалада өткен. Халықаралық турнирге 25 елден астам 100-ге жуық кәсіпқой ойыншы қатысқан. Жеңіміпаздар 50 000 АҚШ долларына ие болған.