​Шымкентте өткен тәулікте 180 адам вакцина салдыртты

​Шымкентте өткен тәулікте 180 адам вакцина салдыртты

Шымкент қаласында вакциналаудың алғашқы күнінде 180 адам коронавирусқа қарсы екпе салдыртты, деп хабарлайды Shymkentaqparat

«1 ақпан күні Қазақстанда COVID-19 індетіне қарсы жаппай вакцина салу басталды. Біз індетке қарсы әлемдік тәжірибені қолданып отырмыз. Вакцина- пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы. Азаматтарды вакциналау шығындарының барлығын мемлекет көтереді. Вакцина салуға денсаулығы жарамайтын азаматтардан басқалары, жаппай пандемия жағдайында екпенің аса маңызды және қажетті екенін түсінеді деп ойлаймын», - деді Президент.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда екпе салдырған азаматтардың жағдайы бірқалыпты. Ешқандай жанама әсері байқалмаған.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қазақстанда 1 ақпаннан бастап «Спутник V» ерікті вакцинациялау науқаны басталды.

Шымкент қаласына «Спутник-V» вакцинасының 1 000 дозасы жеткізілді.