Шымкент қаласында өткен тәулікте Сovid-19 инфекциясын жұқтырған 20 жағдай тіркелген болса, 13 науқас емделіп шықты, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Жалпы індет басталғалы бері қала бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 5 975-ге жетті.
Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта (11 ақпандағы жағдай) коронавирустан 35 адам ем қабылдап жатыр. Ал жыл басынан бері пневмония диагнозы 1 427 адамға қойылған.
Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласы «жасыл» аймақта тұр. Десе де бұл індеттің қаупі сейілген жоқ. Осы мақсатта медицина мамандары қала тұрғындарына карантиндік шараларды сақтауға, бетперде тағуға және әлеуметтік арақашықтықты сақтап, адамдар көп жүретін қоғамдық жерлерге бармауға шақырады.