Шымкентте өткінші жаңбыр, шаңды дауыл күтіледі

Шымкентте өткінші жаңбыр, шаңды дауыл күтіледі

«Қазгидромет» синоптиктері 22-24 маусым күндергі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Синоптиктердің болжамынша, алдағы 3 күнде елдің батысында күн ыстық болады.

- Қазақстанның батыс аудандары антициклон жотасының ықпалында болады. Сондықтан жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі. Ал республиканың қалған аумағына солтүстік циклон жырасы әсер етеді, онымен найзағай, бұршақ, екпінді жел, солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр болжанады. Солтүстікте, шығыста және орталықта температура түнде 5-13, күндіз 12-23 жылы, оңтүстікте түнде 12-22, күндіз 24-35 жылы, батыста түнде 15-25, күндіз 34-42 ыстық болады, - делінген синоптиктер мәліметінде.

Ал Шымкентте күндіз +37+42, т.нде +22+27 ыстық болады. Кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Желдің жылдамдығы: 8-13, кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.

Фото: Ашық дереккөз