Шымкентте тұрғын үй бағасы 4 пайызға төмендеген

Шымкентте тұрғын үй бағасы 4 пайызға төмендеген

ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен өткен Қазақстан Үкіметінің отырысында Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы қаралып, инфляцияға қарсы әрекет ету жөніндегі шаралар кешені қабылданды.

Селекторлық режимде өткен жиынға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, орынбасарлары мен барлық басқарма басшылары қатысты.

Еліміздегі баға өсімі бойынша баяндаған ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев Шымкентте соңғы айларда тұрғын үй бағасы 4 пайызға төмендегенін айтты. Мәселен, «Отау групп» ЖШС-нің үйлерінің шаршы метрі 300 мың теңгеден 270 мыңға түскен.

Айта өтсек, биыл Шымкент қаласында барлық қаржы көздерінен 1 188,5 мың шаршы метр құрайтын 275 көпқабатты тұрғын үйдің (14 551 пәтер) құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде:

- құрылыс басқармасымен 374,1 мың ш.м. 79 үй (4 832 пәтер);

- «Shymkent»ӘКК» АҚ-мен 93,4 мың ш.м. 18 үй (1 080 пәтер);

- жеке салушылармен 721,0 мың ш.м. 178 үй (8 639 пәтер).

Жоспарға сәйкес, бұл жылы 570 мың шаршы метр көпқабатты үй пайдалануға тапсырылады деп күтілуде.

Сонымен қатар, Үкімет отырысында елімізде бағаның өсуін тежеу мақсатында 2021 - 2024 жылдарға арналған инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары кешенінің жобасы қаралып, мақұлданды.