Шымкентте учаскелік полицейлер тұрғынға жоғалған жылқысын тауып берді

Шымкентте учаскелік полицейлер тұрғынға жоғалған жылқысын тауып берді

Шымкентте учаскелік полицейлер тұрғынға жоғалған жылқысын тауып берді, – деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі Polisia.kz сілтеме жасап.

Жылқы иесіне шаруашылық жануарын жаю қағидасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабымен хаттама толтырылды.

350 мың теңге тұратын жылқының жоғалғаны туралы Асар шағынауданының тұрғыны Абай аудандық ПБ-ға хабарлады. Ер адамның айтуынша, ол бір тәулікке жуық уақыт іздеу жұмысын өзі жүргізген. Одан еш нәтиже шықпаған соң, полицияның көмегіне жүгінген.

Тәртіп сақшылары жануарды үш сағатта тауып, иесіне қайтарды. Қала тұрғыны полицейлерге жедел жұмысы үшін алғысын білдірді.

Құқық қорғаушылар өз кезегінде бақылаусыз жайылып жүрген мал ұрылар үшін оңай олжа екенін және жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіретінін еске салды.