Шымкентте жаңа шоколад өнімі нарыққа шықты

Шымкентте жаңа шоколад өнімі нарыққа шықты

Шымкент әкімі «NURTAU distribution company» ЖШС-ның жұмысымен танысты, деп хабарлайды Shymkentaqparat

«Тассай» индустриалды аймағында орналасқан кәсіпорын шоколадты кәмпит пен сағыз өнімдерін өндіреді. Биыл іске қосылған өндіріс орны қазіргі таңда 60 адамды жұмыспен қамтып отыр.

–Пандемия үлкенді-кішілі барлық кәсіпкерлік нысандарға өзінің кері әсерін тигізді. Бұл өзін-өзі дамытып отырған мекеменің бірегейі. Сондықтан бұдан әрі өнім түрлерін арттырып, мекемені кеңейту мақсатында барынша қолдау көрсететін боламыз. Өндірілген өнімдердің қаладағы сауда үйлерінде сатылуына жағдай жасау керек, - деп, тиісті сала басшысына тапсырма берді.


Айта кетейік, кәсіпорын жылына 1,15 млн. дана шоколад кәмпитін, 1,8 млн. дана сағыз кәмпитін өндіруге қауқарлы. Еліміздің барлық өңірінде атлған кәсіпорыннның сауда нүктелері бар.

Тәтті өндіретін компанияның негізгі тұтынушылары – бүлдіршіндер. Мұнда қазір тәттілердің 12 түрлі ассортименті өндіріледі. Бастысы, отандық өнім шетелдік аналогтардан 10% арзан.

Тәттілердің 70 пайызы ішкі нарықты қамтыса, 30 пайызы экспортқа шығарылады.

Сонымен бірге алдағы уақытта компания жүгеріден жасалған, карамель және таяқшадағы қатты кәмпиттер өндіретін желілерді іске қосуды көздеп отыр.