Шымкентте жалпықалалық сенбілік өтті

Шымкентте жалпықалалық сенбілік өтті

Бүгін Шымкент қаласында жалпықалалық сенбілік өтті, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Қала әкімінің бастамасымен қолға алынған тазалық шарасына мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, тәртіп сақшылары мен шахар тұрғындары қатысты.

Сенбілікке қатысушылар төрт аудандағы саябақтар мен гүлзарларды, аулалар мен көшелерді және арық-атыздарды қоқыстан тазартты.

Биылдыққа бірінші рет өтіп жатқан тазалық шарасына 10 мыңнан аса адам қатысып, 100-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды. Барлығы 150 текше метр қоқыс қала сыртына шығарылды.

Сенбілікке қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан да атсалысып, шахар тұрғындарын тазалық шарасына қатысуға шақырды.

- Бұл осы жылдың алғашқы сенбілігі. Қар кеткен соң астында қалған қоқыстарды тазартып жатырмыз. Наурыз айынан бастап сенбілік апта сайын ұйымдастырылатын болады және оған барлық ұйымдардың күші тартылады. Сондықтан қала тұрғындарын да өзі тұратын көпқабатты тұрғын үй болса ауласын, үйлерінің маңын тазалауға шақырамын. Қала тұрғындарын шаһарымыздың тазалығы сақтауға бірлесе атсалысса деймін, - деді Шыңғыс Мұқан.

Фото: Серік Қосай