Шымкентте жас дарындар байқауы өтті

Шымкентте жас дарындар байқауы өтті

Шымшаһарда әз-Наурыз мерекесі қарсаңында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық/қалалық) кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде өткен салтанатты шарада педагогика ғылымдарының кандидаты, қалалық Дарын орталығының директоры Раушан Джеренова мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің кәсіптік бағдар беру орталығының директоры Мұрат Айтуреев сөз алып, дарынды жастарға сәттілік тіледі.

Білім додасында үздік нәтиже көрсетіп, республикалық кезеңге жолдама алған 85 оқушы мен «Ең үздік олимпиадалық команда 2021» номинациясының иегерлері марапатталды. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуына атсалысып жүрген бірқатар мектеп директорларына Алғыс хаттар табысталды.

Айта кетейік, олимпиада жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша өткізілді.