Шымкентте «Жасыл кеңсе» қағидаты түсіндірілді

Шымкентте «Жасыл кеңсе» қағидаты түсіндірілді

«Жасыл кеңсе» республикалық байқауы бойынша шымкенттіктерге арналған тренинг өтті. Жиында қоқысты қайта өңдеу жөнінде кең мағлұматтар айтылды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

«Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігі мен ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтандағы бағдарламалар офисінің қолдауымен 15 сәуір мен 31 тамыз аралығында 10 номинация бойынша Республикалық конкурс өткізуде.
Оған білім беру, денсаулық сақтау, сауда құрылымдарының, өнеркәсіптің, халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатыса алады.

Конкурсқа қатысу шарттары www.greenoffice-kaz.org сайтында және https://www.facebook.com/greenofficekz/ фейсбук желілерінде көрсетілген.

Конкурс «жасыл» және төмен көміртекті технологияларды насихаттауға, қоғамдық пайдаланудағы ғимараттардың экологиялылығын, жайлылығын және эргономикалығын арттыруға, озық тәжірибені, үздік технологиялық шешімдерді таратуға, экологиялық жауапты ұйымдарды брендтеуге бағытталған.

Байқаудың нәтижелері 2021 жылдың қазан айында жарияланады. Қатысушыларға сертификат, ал жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Айта кетсек, «Жасыл кеңсе» барлық ресурстар үнемделген және қоршаған ортаны қорғауға арналған кеңсе деп аталады.