Бұл туралы қалалық Орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Ғалымжан Өтенбаев қала әкімдігінің «Instagram» парақшасында өткен тікелей эфирінде мәлімдеді, деп хабарлайды Shymkentaqpart
Басқарма басшысының айтуынша, мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекция бағытында 19 құрылыс нысанына қатысты тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, 24 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылған. Оның 13-і Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданып, сот шешімімен 480 АЕК (1 400 160 теңге) айыппұл салынды.
Басқарма тарапынан 16 нысанға кемшіліктерді жою туралы нұсқамалар жіберілген. Оның 6-ы орындалып, анықталған кемшіліктер жойылған.