Шымкентте заңсыз құрылыс жүргізген 32 нысан анықталды

Шымкентте заңсыз құрылыс жүргізген 32 нысан анықталды

Шымкентте жыл басынан сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы тарапынан мониторинг жүргізіліп, заңсыз салынған құрылыстарды анықтаған, - деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл жөнінде басқарма басшысының міндетін атқарушы Н.Архабаев қала әкіме берген есебінде баяндады.

Мониторинг жұмысы қаладағы Темірлан тас жолы, Желтоқсан көшесі, Қонаев, Бәйдібек би даңғылы, Арғынбеков көшелерінде атқарылды.

Заң талаптарын бұзған 32 нысан белгіленген тәртіп бойынша сараптамадан өтпей құрылысты жүргізгені үшін Шымкент қаласының орта сапасы және бақылау басқармасына тексеруге жолданған.

Сонымен қатар жыл басынан қалада ретсіз орналастырылған жарнамаға аудан әкімдіктерімен бірлесе рейдтік шара ұйымдастырылған. Нәтижесінде алдағы уақытта Еңбекші мен Қаратау аудандарында ретсіз жарнама нысандарын заңдастыру жұмысын қолға алу көзделіп отыр.