Шымкентте заңсыз жарнама мен ретсіз саудаға жол берілмейді

Шымкентте заңсыз жарнама мен ретсіз саудаға жол берілмейді

Шымкент қаласына қарасты Әл-Фараби ауданында заңсыз жарнамалар мен ретсіз сауда орындарына рейдтік іс-шара ұйымдастырылды, – деп хабарлайды shymkentaqparat.kz

Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Есімжан Занкоев және қалалық Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқарамасының мамандары мен аудандық жергілікті полиция қызметкерлері қатысты.

Қалалар мен елдімекендер аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу бойынша ҚР-ның ӘКҚБтК-нің 505 бабына сәйкес 5 жеке тұлғаға айыппұл салу хаттамалары толтырылды.

Сонымен бірге белгіленбеген орындарда сауда жасағандарға аталған кодекстің 204 бабы бойынша 2 тұлғаға айыппұл салу хаттамалары толтырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта тұрақты түрде жүргізіледі.