Шымкентте жазғы шомылу маусымы басталды. Төтенше жағдай министрлігінің деректеріне сүйенсек, жыл басынан бері елімізде 45 адам суға кетіп, қаза болған. Осыған орай, қаламызда төтеншеліктер су айдындарына бақылауды күшейтті.
Шаһарда шомылуға тыйым салынған 13 су айдыны ресми түрде айқындалған. ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ, ОЛАР: «Текесу», «Ақжар» су қоймалары, «Бадам», «Сайрам», «Қарасу» өзендерінің барлық арнасы; «Шымкент магистральды каналы; «Янги-шек», «Азат», «Көкбұлақ», «Хауау», «Сасық» каналдары, «Қайнарбұлақ» жасанды көлі; «Қошқар ата» өзенінің (өзеннің бастауынан басқа) – барлық арнасы.
Қала аумағында Тоғыс және Бадам су қоймаларындағы «Холодильник» және «Рахат Бадам» демалыс орындарында, Қошқар ата өзенінің бастауында және қаладағы жеке аквасаябақтарда ғана шомылуға рұқсат етілген.
АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!
Балаларыңызға субұрқақта шомылу қауіпті екенін ескертіңіз!