Шымкент қаласындағы «Үздік еңбек әулеті» номинациясының жеңімпазы Аубакировтар отбасы дауыс берді.
Байланысшылар династиясы атанып кеткен Аубакировтар отбасы Шымкентте өткен «Еңбек жолы» байқауында жеңімпаз атанған болатын.
Кәсібі атадан балаға, немерелеріне жалғасып келе жатқан бір әулеттен шыққан байланысшылардың еңбек өтілі ғасырға жуық уақытты құрап отыр.
– Байланыс саласында 35 жылдан астам еңбек еттім. Елімізде болып жатқан әрбір маңызды шараларға атсалысып, азаматтық міндетімді орындап келемін. Осындай тарихи сәттегі науқанда отбасымызбен бірге келіп, дауыс бердік. Балаларым, немерелерім – бәріміз өз таңдауымызды жасадық, – деді Үсенхан Жақыпұлы.