«Көрме» орталығында «Зергерлік бұйымдар – 2021» көрме-жәрмеңкесі басталды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Жәрмеңкеге еліміздегі зергерлік бұйымдарды өндіретін және сатумен айналысатын компаниялар мен дүкендер қатысты.
Көрме орталығынан ROZA GOLD, Aiaulym Gold, Tomiris collection, Zepter, Labro_dom, Aizado silver, KAZAKHUVELIR, ALEM_GOLD.KZ сынды компаниялардың көз тартатын әшекей бұйымдарын көріп, ұнағанын сатып алуға да болады.
3 күнге созылатын жәрмекеде ұлттық қолөнер бұйымдарының түр-түрін таба аласыз.
Көрме 10-13 ақпан күндері сағат 11.00-18.00 аралығында өтеді.
Фото: Серік Қосаев