Шымкентте Жұма намазын мешітте оқуға рұқсат етілді

Шымкентте Жұма намазын мешітте оқуға рұқсат етілді

Шымкентте бүгіннен бастап Жұма намазын мешітте оқуға рұқсат етілді, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл туралы Шымкент қаласы Дін істері басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қалаға қарасты мешіттерде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, бес уақыт және жұма намазын жамағатпен оқуға рұқсат етілді.

Еліміздегі карантин талаптарына сәйкес, мешітке келушілер намаздан соң қол беріп амандасуға болмайды. Оның орнына қолыңызды жүрек тұсына қойып, ишара жасасаңыз жеткілікті. Сонымен қатар, дене қызуы 37-ден жоғары, тұмау және басқа да ауру белгілері бар азаматтар мешітке келмегені абзал.

Айта кетейік, мешітке келушілер үшін жұма намазы алдында уағыз-насихат айтылмайды. Тек жұма құтбасы мен парызы өте қысқа сүрелер мен аяттар оқу арқылы жүзеге асырылады.